• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Қыркүйек, 2020

Халықпен байланыс күшеюі тиіс

147 рет
көрсетілді

Мемлекеттік аппаратты қайта жандандырып, басқару тетігін жетілдіруге тиіс стратегиялық агенттік құрылмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық­қа биылғы Жолдауында осы бастама көзге бірден түсті. Жа­ңа құрылым мемлекеттік органдармен емес, тікелей қоғаммен жоспарларын әзірлейтіні қуантады. Бірінші кезекте байқағанымыз осы болды.

Екіншіден, жергілікті өзін өзі басқару бойынша ауыл әкімдерін сайлау. Бұрын бұл тәртіптен әкімдер мәслихат арқылы өтетін. Ал енді тікелей халықпен жұмыс істейтін болады. Бұл жиналыстардың өзектілігін арттыра түсіреді. Бұл да маңызды мәселе, өйткені онымен тұрғындар арасында тек қоғам белсенділері айналысып келді.

Үшіншіден, бұл «жасыл» экономиканы дамыту. Мұның да маңыздылығы кем емес. «Жасыл» экономика жұмыспен қамту деңгейін арттырып қана қоймай, тұтастай экономиканың дамуына жеткілікті дең­гейде әсер етеді. Сондықтан Президент бұған назар аударып, Экологиялық кодекс­­тің қабылдануына тікелей тапсыр­ма бергені баршаға мәлім. Сондай-ақ ауыл­­дық жерлерде білім берудегі теңсіз­дікті жою туралы айтылды. Неге десеңіз, шал­ғай аймақтардағы балалар қалалық оқушылардан кем білім алмауы тиіс. 

Төртіншісі, сот-құқықтық бағыт. Бұл жерде полицейлер арасындағы өкілет­тіктердің ара жігін ажырату туралы айтылды. Айталық, тәртіп сақшыларының қызметтік құзыретіне не кіреді, прокуратура іс-әрекеті қандай болу керектігі жан-жақты қамтылғаны орынды. 

Квазимемлекеттік ұйымдардың жұ­мы­сын ретке келтіретін уақыт жетті. Мұны Мемлекет басшысының өзі аңғартты. Квази­мем­лекеттік сектор дегеніміз не? Бұл мем­лекеттен бөлінетін қаражатпен жұмыс істейтін ұйымдар. Сол себепті Прези­дент қызмет көрсетудің сервистік моде­ліне көшуге назар аударып, экономика мен бизнесті нарықтық тұрғыда дамы­туға күш салу керектігін жеткізді. Ал қазір холдингтердің инвесторлар немесе шағын және орта бизнеспен бәсекеге түсіп жатқаны байқалуда. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы шешімі қазіргі жағдайда тиімді екені күмәнсіз.

Бұған қоса, орынсыз тексерулерді азайту жөніндегі бастама да бизнес тарапынан қолдау табатыны анық. Осы орайда Мемлекет басшысы салық заңнамасына назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстарды цифрлы форматқа ауыстырудың тиімді­лігін айтты және бұл мәселені Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасына Үкіметпен бірлесіп, пысықтауды тапсырды.

 

Айгүл СОЛОВЬЕВА,

Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы