• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2020

Еліміздің кей өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

537 рет
көрсетілді

4 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Шығыста нөсерлетеді.

Қазгидромет болжамы бойынша елдің қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта тұман түседі. Кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұршақ жаууы ықтимал. Тәулік бойы Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында, күндіз Алматы облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз Павлодар облысында екпіні 25 м/с болады, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлеріндеде шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысының кей жерлерінде, Атырау, Алматы облысының батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік батысында төтенше өрт қаупі сақталады.