• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қыркүйек, 2020

Алексей Цой Түркістан облысындағы емдеу мекемелерінің жұмысымен танысты

236 рет
көрсетілді

Түркістанда 630 орындық көпсалалы облыстық аурухана салынуда. Жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері қарастырылған. 1500-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда нысанның іргетасы құйылуда. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысына арнайы іссапармен келген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  аурухана құрылысында болды. Сондай-ақ облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовпен Түркістандағы бірқатар емдеу мекемесін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Қалалық орталық емханада болып, ондағы жұмыс барысын бақылады. Емхана бір ауысымда 500 келушіге лайықталған, 900 - ден астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында 18 мобильді топ құрылған. Емхана базасында сондай-ақ, індетті анықтайтын вирусологиялық зертханасы бар. Осы күнге дейін 40 мыңға жуық азаматтан сынама алынған. Емдеу мекемесі барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен де толық қамтамасыз етілген.

Жергілікті медицина қызметкерлерімен кездесіп, жағдайларымен танысқан министр өңірдегі емдеу мекемелерінің қызметін оң бағалады. "Президент халыққа Жолдауында алғашқы медициналық көмекті дамытуға аса мән берді. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан қалалық емхана қызметкерлерінің коронавирус инфекциясы белең ала қалған жағдайда екінші толқынға дайындығы жоғары деңгейде екендігін де байқадық. Емдеу мекемесі барлық медициналық қажеттіліктермен және жедел-жәрдем көліктерімен қамтамасыз  етілген", - деді Алексей Цой.

Облыста тұмауға қарсы екпе егуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл орайда вакцинаның бірінші партиясы жеткізілген. Осы айдың 15-нен бастап егу жұмыстары басталады. Денсаулық сақтау министрі сапар соңында Түркістан қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан модульді жұқпалы аурулар ауруханасында да болды. Емдеу мекемесі 200 төсек-орынға есептелген. Нысанның құрылысы жоспарланған аймақта барлық қажетті инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымы бар.