• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2020

Қару-жарақ иелерінің құжаттары тексеріле бастады

553 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының ішкі істер қызметкерлері 4 қыркүйектен бастап, облыстағы қару-жарақ иелерінің құжаттары мен қаруларын тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде облыста қару ұстауға рұқсаты бар  8 мыңнан астам азамат тіркелсе, қазан айына дейін олардың үйлерінде сақталатын қарулары қайта түгенделеді. Қару-жарақты түгендеу айлығының  алғашқы аптасында 20 әкімшілік-құқықбұзушылық деректері  анықталды.

Соның ішінде 3 азамат қару сақтау  ережесін өрескел бұзса, бір тұрғынның қару сақтауға рұқсаты болмай шықты,бір тұрғын  қайта тіркеуден өткізу мерзімін өткізіп алған. Қару сақтайтын  сейфтің қабырғаға бекітілмеген 3 дерегі,  қару сақтайтын орындағыарнайы дабыл беру қондырғысының істен шыққан 5 дерегі тіркелді. Мәртөк және Шалқар аудандарында  2 электрошокер мен 4 пышақ тәркіленді.  

Шекарадан өткізу бекетінде де қару-жарақ тексеріліп жатыр. Мәселен, Мәртөк ауданындағы "Жайсаң" өткізу бекетінде Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан қазақстандық азаматтың автокөлігінен 801 "TYRE" маркілі  тіркелмеген электрошокер қаруы табылып, осы дерек бойынша  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 482-бабы бойынша  әкімшілік іс қозғалды.

Қару-жарақ тексеру айлығы қазан айына дейін созылады.