• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2020

Қостанайлық шенеуніктер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған

936 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Қостанай ауданы әкімдігінің бірнеше лауазымды тұлғалары өздерінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысының антикоррупциялық қызметі аталмыш аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Күдіктілер Заречный ауылында құрылыс-монтаж жұмыстарын ШОБ субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын заңсыз мәжбүрлеген. Күдіктілер шағын және орта бизнес өкілі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату үшін жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстарына 10,8 млн теңге аударуға заңсыз мәжбүрлеген.

– Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Лауазымды тұлғалардың кінәсі сот шешімімен анықталады, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедыч.