Аустралияда екі вакцинаның сынамасы сәтті аяқталса, коронавирусқа қарсы вакцинаның 85 млн-ға жуық дозасын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы BBC NEWS агентігі ақпарат таратып отыр.
Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон елде 2021 жылға қарай вакциналарды тегін шығаруға мүмкіндік беретін екі келісімшарттың әзірленіп жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар олардың құны $1,7 млрд (£0,9 млрд; $ 1,24 млрд) деп бағаланып отыр.
"Қаңтар айынан бастап аустралиялықтардың 25 млн-ға жуығы осы вакцинаны пайдалана алады. Алайда, оған кепілдік бере алмаймыз", дейді үкімет басшысы.
Вакцинаның бірінші топтамасын Оксфорд университеті мен AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы әзірлесе, екіншісін Квинсленд университеті мен CSL-ге қарсы орталықтың өкілдері күн тәртібіне алды.
Айта кетейік, Аустаралияда коронавирусқа шалдыққандардың саны 26 мыңнан асты, оның 769-ы көз жұмды.
Осы жексенбіде үкімет елдегі қатаң карантиндік шараларды тағы екі аптаға ұзартатынын және шектеулерді біртіндеп жеңілдететінін мәлімдеді.
Жоспарға сәйкес, Мельбурн тұрғындары кем дегенде қараша айының соңына дейін көпшілік жиналатын орындарға бара алмайды.