Калифорнияның бес округінде табиғи өрттерге байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы штат губернаторы Гэвин Ньюсом мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай режимі Калифорнияның орталық бөлігіндегі Фресно, Мадера және Марипоса округтерінде, сондай-ақ штаттың оңтүстігіндегі Сан Бернардино және Сан-Диего округтерінде енгізіледі.
"Өрт салдарынан ондаған мың гектар жер өртеніп, үйлер қирады. Мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды", - деп атап өтті Г.Ньюсом.
Бұған дейін штат губернаторы аптап ыстық пен табиғи өрттерге байланысты 18 тамызда штат деңгейінде төтенше жағдай режимін енгізген болатын. Бұл шаралар жергілікті билік органдарына кейбір қосымша қорларға қол жеткізуге және өрттің салдарын жою кезінде көбірек ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Тілсіз жау ыстық және құрғақ ауа-райына байланысты штат аумағында тез таралып жатыр. Аталған штатта барлығы 58 округ бар.