Экономист Олжас Төлеуов Ұлттық банк басшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Олжас Төлеуов ақша-несие саясаты, макроэкономика, экономикалық-математикалық модельдеу және т.б. мәселелерге атсалысады. Олжас Төлеуов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебін бітірген. Сонымен қатар ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің магистрі. Вусонг университетінің (Корея) Solbridge бизнес мектебінде, Ресейдің Орталық банкі, Чехия мен Швейцарияның Ұлттық банктерінде, сондай-ақ БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ESCAP) тағылымдамадан өтіп, білімін жетілдірген.
Олжас Төлеуов әр жылдары AERC ғылыми-кеңес беру компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ол бизнес-талдаушы қызметінен басқарушы директор лауазымына дейін көтеріліп, стратегиялық және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты. Осыған дейін ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті болды.