"Достар, былтырдан бері еліміздің шалғайдағы ауылдарында орналасқан мектептерге "Күміс кітабымды" тегін жіберіп келе жатырмын. Былтыр 150 кітап жөнелтілсе, биыл оның санын 250 кітапқа дейін жеткіздік және бұл шара жалғасын табуда.
"Күміс кітапты" 2016 жылы жазғанымды білесіздер. Содан бері ел бойынша мыңдаған оқушыларымыздың кітап оқуға құштарлығын оятқан туындыға айналды", деген автор бұл жолы кітапты мұғалімдерге жекелеп таратқысы келетінін білдірді.
"Кітапханаларға тізім бойынша жібере берсек, кітаптың оқылу ықтималдығы төмен болуын жоққа шығара алмаймыз. Оқушылар тіптен кітапханасына кітабымның жеткенін білмеуі де мүмкін. Мен мемлекеттік орган емеспін, маған нәтиже керек, демек, шаң басып жатпай, кітапты көбірек оқушының шын мәнінде алып оқығаны маңызды.
Сол үшін бұл жолы алдымен еліміздің ниет білдірген жанашыр мұғалімдері мен кітапханашыларына таратуды жөн санап отырмын.
"Күміс кітапты" ТЕГІН алудың шарты қиын емес:
Ауылдық мектепте мұғалім не кітапханашы болу;
Кітаппен өзіңіз танысып шығуыңыз керек;
Оқып болған соң, өзіңіз сабақ беретін сыныптарға мазмұнын айтып беруіңіз керек (шағын видеоесеп жіберу керек);
Менімен ZOOM қосымшасы арқылы оқушылармен кездестіру ұйымдастыруыңыз керек.
Мен жас ұрпаққа, ертең менің болашағымның қаншалықты жарқын болатынын анықтайтын оқушыларға кітап оқудың маңызы жайында және техникалары туралы ел бойынша неше сынып болса, соның барлығына мүмкіндігінше ZOOM арқылы ТЕГІН дәріс оқуға дайынмын.
Осы шарттар орындалса, мен мектебіңіздің кітапханасына көбірек кітаптар жіберемін.
Қызыққан мұғалімдер осында немесе жекеге, немесе +7 777 233 20 20 нөміріне уатсапқа жазуына боладыә, делінген жазбада.