• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 07 Қыркүйек, 2020

Маңғыстауда 74 медицина қызметкері вирус жұқтырған

329 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуевтың айтуынша, облыста вирус жұқтырғандардың 74-і медицина қызметкерлері, деп хабарлайды Egemen.kz

"Инфекция жұқтырғандардың ішінде медицина қызметкерлері – 74, мүгедектер – 9, жұмыссыздар – 283, оқушылар – 42, ұйымдаспаған балалар – 33, зейнеткерлер – 261, әскери бөлімдерден – 18, кенорындағы тамақтандыру "Каспиан Фуд" мекемесінен – 9, әскерге шақырылғандардан – 4, "ТеңізшеврОйл" қызметкерлері – 35, өндірістік мекемеде – 129, мемлекеттік қызметкерлер – 24, студенттер – 21, тағы басқалар – 165, бала-бақша қызметкерлері мен мұғалімдер – 23, ішкі істер қызметкерлері 10", деді ол.

Бүгінде облыста ПТР тәсілімен тест алатын барлығы 5 мемлекеттік және жеке меншік зертхана бар. Онда бүгінге дейін 107581 адам тексеріліп, оның 3334 оң нәтиже берді. Аймақтағы ұлттық сараптама орталығында бүгінгі таңда 9811 тест сынамасы бар.

17-ші тамыздан бастап кезең кезеңімен нысандардың ашылуына байланысты бүгінгі таңда 5020  нысан жұмысын қайта бастады.