• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 07 Қыркүйек, 2020

Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының мөлшері артты

798 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының мөлшері артты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  

1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.".

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.