Қазақстанда алдағы бес жылда орманды алқаптың көлемі ұлғайтылады. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2030 жылға қарай елдегі орманшылық үлесін ағымдағы 4,7%-дан пайыздан 5%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, 5 жыл ішінде орман қорында 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады.
Бұған қоса, елорданың айналасындағы жасыл белдеудің тәжірибесін бүкіл өңірлерге енгізу көзделіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы орман 2023 жылға қарай 87,8 мың гектардан 100 гектарға жеткізіледі. Елорданың айналасындағы жасыл белдеу тәжірибесі көрсеткендей, ағаштар климатты біртіндеп өзгертеді, оны жұмсақ етеді, желден қорғайды. Сонымен қатар, жасыл белдеуде марал, елік, суыр, дала қарсағы, қояндар мен қырғауылдар мекендей бастаған.