• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қыркүйек, 2020

Семейлік полицейлер отбасы күніне орай сыйлық таратты

441 рет
көрсетілді

2013 жылғы  1 наурыз  күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелік күндері тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойған еді. Осы Жарлыққа сәйкес жаңа мереке - Отбасы күні бекітіліп, қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

2020 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күні аталып өтілмек. Осы мерекеге орай, Семей Полиция Басқармасының қызметкерлері Боровая көшесі, 26 үйде тұратын мектеп жасындағы  кәмелетке толмаған бес баласы бар көп балалы Искаковтар отбасына оқу құралдары мен тәттілер түріндегі сыйлықтарын көтеріп, арнайы құттықтауға келді.  

- Сондай-ақ, полиция қызметкерлері  Сүкембаевтар отбасында да болып, оларды қуантты. Онда Мейрам есімді ана жалғыз өзі екі бала тәрбиелеп отыр, оның 7 сынып оқушысы ұлы бала және 2 сыныпта оқитын қызы бар, деді Полиция басқармасының баспасөз жетекшісі Елубек Оспанов.

Семейдегі қайтыс болған полиция  қызметкерлерінің де отбасылары назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда  15 шағын аудан, 18 үй, 88 пәтер мекен-жайында тұратын Абылғазиновтар жанұясы мен  Восточный правый саяжайындағы, 103-інші үйде тұратын Бүркітбаевтар да ұмытылған жоқ. 2014 жылы көші-қон қызметінің аға инспекторы полиция майоры Абылғазинова Дина Толымханқызы, қызына босану үстінде қайтыс болған еді. Биыл қыз бала 6 жасқа толып, мектептің даярлық сыныбына барып отыр.