Қазақстан Өзбекстан және Қырғыз Республикасымен әуе рейстерін қайта жандандыратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстан әуе желілерінің Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіргелі отырғаны хабарланған еді.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған елдерден Өзбекстанға ұшатын («Қызыл рейстер») жолаушылар ұшудан 72 сағат бұрын ПТР әдісімен ғана жасалған тесттің қорытындысын ұсынуы тиіс. Аталмыш сертификат ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы міндетті.