"Хайшен" дауылы Ресей аумағындағы Приморьенің оңтүстік-батысына жетіп, қатты жел мен нөсер жауын әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Жауын-шашынның мөлшері айлық көрсеткішке жетіп, нәтижесінде жолдарды су басты. Ал облыстардың кей аудандары жарықсыз қалды. Электр желісінде туындаған ақауларды жоюға 40-қа жуық бригада атсалып жатыр.
Сонымен қатар, жергілікті жерлердегі су айдындары арнасынан асуда. Ең қорқыныштысы, Хасан елді мекеніндегі су бөгетінің бұзылу қаупі бар. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Тайфунның беталысы Күн шығыс елі мен Оңтүстік Кореяда тоқтар емес.