• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 10 Қыркүйек, 2020

Ералы Тоғжанов балаларды қашықтан оқытудың маңыздылығын түсіндірді

271 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов балаларды қашықтан оқытудың маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Эпидемиялық жағдайды ескере отырып, балаларды қашықтан оқыту қажеттілігін тағы да ескертеміз. Естеріңізге сала кетейін, мамыр айында карантиннен кейін біраз балабақшада кезекші топтар ашылд. Артынша Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан облысында, біраз өңірде балалардың арасында коронавирус тіркелді. Сондықтан қауіпсіздік мәселесі ешқайда кеткен жоқ. Соның бәрін ескеріп отыруымыз керек. Коронавирус індетінің таралу тізбегі бір баладан бастап жалпы қоғамға жету мүмкіндігі өте жоғары. Ашығын айтқанда бала, сынып, мектеп, одан ата-ана, ұжым, қоғам болып солай жалғасып кете береді", - деді Ералы Тоғжанов. 

Осы орайда ол бұл бағытты Мемлекет басшысы қатаң бақылап отырғанын айтып өтті.

"Оқу процесін жалғастырудың әр кезеңі жіті қаралып, мониторинг қорытындыларын сараптау арқылы жасалып отыр. Түсіп жатқан әрбір сұраққа шұғыл түрде жауап та беріледі. Бүгін әлі де қашықтан оқыту жүйесіне байланысты мәселе де, сұрақтар да жоқ емес. Алда атқарылар жұмыс та көп. Тұрақты оқу жүйесінің тиімділігі де, нәтижесі мен сапасы да артық екені белгілі. Дегенмен, балаларымызды аман сақтап қалу басты міндетіміз. Мемлекет тарапынан негізгі балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты нақты шараларды қабылдау себебіміз де осыдан шығып отыр", - деді ол.