• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қыркүйек, 2020

ТЖ кезінде 4,6 млн және карантин кезінде 2,4 млн қазақстандық 42 500 теңге алды

391 рет
көрсетілді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) табысты жоғалтқан жағдайда көлемі ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлем көмегімен, төтенше жағдай режимі (бұдан әрі – ТЖ) кезінде 4,6 млн адамға, карантиндік шектеу шаралары қолданылған кезеңде – 2,4 млн қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай режимі мен карантиндік шектеу шаралары кезінде табысын толық жоғалтқан жұмыс істейтін азаматтар мемлекеттік қолдаудың бұл түріне ие болды. Олардың ішінде:

- жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын адамдар;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар бар.

Төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде (2020 жылғы 16 наурыздан 11 мамырға дейін) 322 млрд теңге сомасында 4,6 млн адамға, ал карантиндік шектеу шаралары қолданылған кезде (2020 жылғы 5 шілдеден 17 тамызға дейін) 153,2 млрд теңге сомасында 2,4 млн адамға әлеуметтік төлем тағайындалды.

Карантиндік шектеу шараларының қолданылу кезеңіне МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданды. Оны тағайындаудан бас тартылған жағдайда 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін шағымдануға болады.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры осы әлеуметтік төлемді тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін қайта қарау бойынша жұмысты жалғастыруда.