• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Қыркүйек, 2020

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

600 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ағымдағы жылы алғаш рет Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Эпидемиялық жағдайды ескере отырып, отырыс онлайн форматта жүргізілді. Ісшараға Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында пандемия кезіндегі ақпараттық жұмыс және БАҚ-қа қолдау көрсету туралы, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік сая­сат, сонымен қатар ҮЕҰ грант­тық жобаларын жоспарлау және іске асыру әдістемесін жетілдіру туралы мәселелер талқыланды.

Өз сөзінде Ақпарат және қо­ғамдық даму министрі А.Балаева: «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл нысандарын одан әрі дамыту, қоғамдық мониторинг және мемлекет қабылдайтын шешімдерді бақылау қажеттігін атап өтті. Сондықтан «Қоғамдық бақылау туралы» заң осы мә­се­леге бағытталатын болады», деді.

Аида Балаеваның айтуынша, білім мен еңбекке ұмтылу арқылы ұлттың адами капиталының сапасын арттыру міндетін жұрт­шы­лықпен ынтымақтастық арқы­лы ғана жүзеге асыруға болады. Министрлік мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

«Біз сіздердің ұсы­ныс­тарыңыз үшін әрқашан ашықпыз және оларды белсенді талқылауға дайынбыз», деді министр.

Сөзге шыққан Қоғамдық ке­ңес мүшелерінің пікірлері талқы­­ланып, ақпарат, азаматтық қоғам­­мен өзара іс-қимыл және эт­­нос­аралық қатынастар сала­ларындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Отырыста айтылған бар­лық пі­кірлерді, ескертулер мен ұсы­ныс­тарды хаттамаға енгізу және жа­уап­ты тұлғалардың назарына жет­кізу жөнінде тапсырмалар бе­рілді.