• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 11 Қыркүйек, 2020

Басты талап – бәсекеге қабілеттілік

223 рет
көрсетілді

Президент Жолдауы мемле­кет­тің барлық негізгі құры­лым­дарының қызметін шынайы бағамдап, елдің әл-ауқатының одан әрі өсуінің негізгі векторларын анықтап берді.

Жолдауда Президент мемлекеттік басқару, экономикалық даму, қазақ­стан­дықтардың әлеуметтік әл-ауқа­тын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Өзім ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды басқарып отырғандықтан, маңыз­ды құжаттағы еліміздің жаңа эконо­микалық дамуын ілгерілету жөнін­дегі міндеттерге ерекше назар ау­дар­дым. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан қазіргі ахуал халық­аралық экономиканы толығымен өзгерт­кенін атап өтті. Осы орайда Прези­денттің «экономика халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеуі керек» деген ойы маңызды деп ойлаймын.

Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа экономикалық курстың жеті негізгі бағытын жариялады, оның ішінде ең әуелі азаматтардың пайдасы мен міндеттерін әділ бөлу қағидасына басымдық берілуі керек. Сонымен қатар өндіріс көлемінің өсуіне, адами капиталды дамытуға және «жасыл» экономиканы дамытуға баса көңіл аударған дұрыс деп санаймын.

Мемлекет басшысы міндеттеп отыр­ған мәселелердің барлығы Соколов-Сары­бай өндірістік бірлес­­тігінде қазірдің өзінде қолға алын­ған. Бүгінде кәсіпорын ERG басшы­лы­ғының қолдауымен өндіріс тиім­ділігі мен өз өнімдерінің бәсекеге қабі­леттілігін арттыруға, машиналар мен жабдықтарды жаңартып, еңбек өнім­ділігін еселеуге қол жеткізді. Сон­дай-ақ компания кеншілер мен кәсіп­орын орналасқан елді мекен тұр­ғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді.

Мемлекет басшысы «Цифрлан­дыру – бұл сәнге айналған үрдіс­ке ілесу емес, ұлттық бәсеке қабі­лет­ті­лігін арттырудың басты тетігі» екен­дігін атап өтті. Бұған алғашқы­лар­дың бірі болып «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасын жүзеге асыру­ды баста­ған ССКӨБ ұжымы да көз жет­кізіп отыр. Таяуда Қашар алаңында «ақылды кеніш» жобасы сәтті жүзеге асырылды. Осы арқылы кәсіпорын шығынын азайтып, еңбек өнімділігін арттыру және жоғары сапалы өнімге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Бү­гінде цифрлы технологияларды енгі­зу Қашар мен Рудныйда ғана емес, Еуразиялық топтың басқа өңірлердегі кәсіпорындарында да жалғасуда.

 

Береке МҰХАМЕТҚАЛИЕВ,

«ССКӨБ» АҚ президенті

 

Қостанай облысы