• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда қатаң карантин қандай жағдайда енгізіледі?

709 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Егер науқастар саны тәулігіне 30 мың адамға жететін болса, әлбетте, елде қатаң карантин режимі енгізіледі. Бұл ең басты көрсеткіш. Бірақ Денсаулық сақтау жүйесі тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырған 70 мың науқасты қабылдауға дайын", деді Бағдат Қожахметов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда КВИ-ге шалдыққандар саны 106 661 адамды құрап отыр.

Сонымен қатар Қазақстан індетке дайындықты қамтамасыз ету саласындағы инновациялар Коалициясымен және ДДҰ-мен, сондай-ақ халықаралық корпорациялармен және вакциналарды өндірушілермен бірлесіп вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық Альянс құрған COVAX Facility бағдарламасына қосылды.