Елімізде үш облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Қазгидромет орталығы мәлімдеді.
Синоптиктердің мәліметінше, 14 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел - оңтүстік-батыстан, ал күндіз батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Оралда 14 қыркүйекте күндіз найзағай жарқылдайды. Жел - оңтүстік-батыстан, сондай-ақ батыстан ұйтқып соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90%. 14 қыркүйекте түнде және таңертең
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95%. 14 қыркүйек күні Қызылорда облысында жел күндіз солтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-100%.