• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қыркүйек, 2020

Күзде өлім-жітім көбейеді - ДДҰ

2906 рет
көрсетілді

Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұйымның Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді.

"Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлім-жітім көбейеді деп болжап отырмыз",  деді Клуге.

Мұның алдында ДДҰ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнағанын мәлімдеген болатын. Әлемде күніне 307,9 мың науқас тіркелген еді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты.