Қазақстан Елшісі Б.Иманбаев Малайзияның "Petronas" компаниялар тобының жаңадан тағайындалған президенті және басқарушы директоры Мұхаммед Тауфикпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Petronas" серіктестігінің перспективалық бағыттарын талқылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен "Petronas" технологиялық университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.
Пандемияға қарамастан, тараптар мұнай мен газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін атап өтіп, бұл қазақстандық және малайзиялық компаниялар арасындағы қатынастардың жандана түсуіне қосымша серпін беріп, технологиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтетініне назар аударды.