Биыл сегіз мың үлескер өзінің пәтеріне қоныстанады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Бүгін үлестік құрылыс мердігерлеріне құрылыс қарқынын күшейтуді, жұмысшылар санын көбейтуді тапсырдым. Мемлекеттік бақылау күшеймесе бәсеңдемейді. Қазір құрылыс маусымын неғұрлым тиімді пайдаланып қалу керек. Күн суытқанға дейін үйлердің төбесін жауып, қасбет жұмыстарын жүргізу қажет. Қыс түскеннен соң ішкі жақ жұмыстарына көшеді. Өткен жылы жұмыс қарқынына қарай 10 сақалды құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын.
Үлескерлері өте көп проблемалы құрылыс нысандарының бірі – "Шығыс" тобының тұрғын үй кешені. Бүгін кешкі аралау кезінде "Шығыс" тобының тұрғын үй кешенінің 1А, 1В, 2А, 2В, 3А, 3В, 4 (1-кезек) блоктарындағы құрылыс жұмыстарымен таныстым.
Қаржыландыру барлық блоктарға бөлінді. Барлық блоктың сметалық құжаттамасы әзірленді, қаржылық және техникалық аудит жүргізілді, бірінші кезекте үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Яғни үйдің іргетасы және қаңқасы мықты, қабырғасы тегіс болуы керек және т.б. Аталған үйде екінші-үшінші қайтара сатылған деректер болды.