• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қыркүйек, 2020

Жапония өмір сүру ұзақтығы бойынша тағы да рекорд жаңартты

647 рет
көрсетілді

Жапонияда алғаш рет 100 жасқа толған 80 мыңнан аса адам тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo сайтына сілтеме жасап.

Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, жүзжылдықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 9 176 адамға артып, 80 450-ге жетті. Бұл ретте жалпы санның 88,2 пайызы - әйелдер.

Дереккөз мәліметінше, 2019 жылы Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы әйелдерде 87,45 жыл, ал ер адамдарда 81,41 жыл болған, бұл рекордтық көрсеткіш деп жазады басылым.