• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 16 Қыркүйек, 2020

Ауыл әкімін сайлау – халық жағдайын ойлау

630 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау туралы мәселе елең еткізерлік жаңалық болды. Бұлай болуының негізі де бар сияқты, себебі салт-дәстүріміздің бесігі, халқымыздың жартысына жуығы тіршілік етіп жатқан, желдің өтінде, елдің шетінде дегендей ортада ел басқару оңай шаруа емес.

Әлемнің дамыған елдерінде дем­о­кра­тия­­ның басты қағидаларының бірі бас­­шыларды сайлау жүйесі ертеден қалып­тас­қан. Демек, біздің жағдайымызда әкім­дер сайлауының ерекшелігіне келсек, жер­гілікті билік басшылары жоғарғы жаққа алаң­дау­шылықтан арыла, халық алдында жауап­кер­шікті терең сезіне, қызметтерін еркін атқаруға мүмкіндік алар еді. Сондай-ақ аудан әкімі қызметінде болғанымда, кейбір аудандық мәслихат депутаттарының «бізді халық сайлады, сондықтан да ха­лық мүдесі қатты толғандырады» деп, мәс­­лихат сессияларында қисынсыз мәсе­ле­лер­­ді көтергенде, бұдан да аудан әкімі­нің де сайланғаны жақсы ғой деп, Прези­дент әкімшілігіне аудан әкімдерін сайлау жө­нінде арнайы ұсыныспен шығып, әріп­тес­терімнің реніштеріне де қалған кез­дер болды. Бір сөзбен айтқанда, ертеден ата-бабаларымыз болыс, аға сұлтан таң­д­а­ған­да бас иген сайлау іс-шарасының маңыз­­дылығына бүгінде де ешкім күмән келтірмесе керек.

Дегенмен бұл орайда сайлауалды көп­теген жайт ескерілуі қажет сияқты. Мы­салы, бұрын да елімізде  аудан, ауыл әкім­дерінің сайлауы өткізілді, оларды аудан­дық мәслихат депутаттары сайлады. Ал депутаттарды халық сайлаған жоқ па? Осы іс-шараның тәжірибелік болса да нәтижесі сараланған жоқ, меніңше бәлендей оң өз­герістер болмаған тәрізді. Сондықтан сай­ланған әкім ауыл тұрғындары үшін қандай жағымен тиімді қызмет көрсете алады деген сұрақтың маңайында ой жүгірткен артық емес. Ертеректе елімізде тұңғыш өткізілген (ауылдық округтердің негізгі тірегі болған) совхоз директоры сайлауының бірінде облыс басшыларының ұсынысымен үміткер болып, біраз жағдайды байқағандай болдым. Шынын айтқанда, бұл іс-шараның қорытындысында басшылары сайланған кейбір шаруашылықтардың мал-мүліктері қолды болып, жекешелендіру басталғанша тарап та кеткен жағдайлар болды. Демек, бірінші кезекте сайланған ауыл әкімдері мен аудандық әкімшілік қызметтік қарым-қатынастары қандай деңгейде болатынын айқындау қажет. Жасыратыны жоқ, Кеңес дәуірінің 70 жылында қалыптасқан менталитет бойынша, тәуелді, бағынышты болмасақ айтқанды орындай қоймаймыз ғой. Осы жағдайларды ескере, ауыл әкім­деріне үміткерлерді екіден кем емес санда аудан әкімі ұсынатын болса, сайлау (таңдау) құзыреті халықта қалады. Сондай-ақ ауыл әкімі мен аудан, облыс әкімдері ара­сындағы айырмашылық, басқарып отыр­ған аумақ халқының саны мен жер көле­мінде ғана, яғни бұрынғы әр деңгейдегі ат­қарушы органдар бірінші басшылары ел Пре­зи­дентінің өңірлердегі өкілетті өкіл­дері деп есептелетін жүйені қайта қалпы­на кел­тіру де орынды сияқты. Себебі қан­­­дай да болмасын әкімшілік-аймақтық құр­ы­­лым­­дарға басшылық жасау, бұрыннан дә­л­ел­­­денген сауаттылық, беделділік, патриот­­тық қасиеттерді қажет етеді. Дана ба­ба­­­­мыз әл-Фараби: «Әкімдер жаны да, тәні де таза, оқығаны көп, ғылым-біліммен ай­­на­лысатын, заманның зиялы өкілі болу ке­рек», деп жай айтпаса керек. Сондықтан да ауыл әкімдері сайлауы үміткерлеріне  қо­йы­­латын талап: жоғары білімді, кәсіби ма­­ман­­дығы сайланбақ өңір өндірісіне сай келе­­тін, тәжірибелі болуы керек. Мүмкін мұн­­дай үмітк­ерлер ауылдық жерлерден табыла бермейді деген уәж айтылуы мүмкін, онда ар­найы дайындау керек немесе басқа өңірлерден де тартуға болады. Бұл мәселеге «ауыл ғой» деп жүрдім-бардым қарауға болмайды.

Келесі бір күрделі мәселе, сайланған ауыл әкімі міндетті қызметтерін атқара ал­маса, келеңсіз іс-әрекеттерімен ерекшелен­се, (қылмыстық істен басқа) оның қызметтен боса­тылу процедурасы қалай болмақ. Мұн­дайда халық сайлады, халық қана боса­тады деген тәртіп те бар. Мысалы, тиісті тетіктердің ойластырылмағанынан Ре­сейде халық сайлаған Владивосток қала­сының мэрін қызметінен босату үшін ел Президенті араласқанның өзінде бір жыл қажет болған екен. Сондай-ақ осындай жайттардың ес­керілмеуінен елімізде көп мерзімге жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігінің пайдаланылмауына байланысты Үкімет тарапынан атқарылған іс-шараларға қарамай, бұл мәселе бүгінге дейін тиісті шешімін таппай келеді.

Менің ойымша, сайланған ауыл әкім­дерін мерзімінен бұрын қызметінен босату, аудан әкімінің ұсынысы негізінде ауыл тұр­ғындарының басым бөлігінің жасы­рын дауыс беру қорытындысына сай ат­қарылса. Келесі мәселе, соңғы кезде төменгі мем­лекет­­тік атқарушы билік са­ты­­ларынан (ауыл, аудан) ауыл тұрғын­дары үшін маңыз­ды, жер­гілікті жерлер құзы­рында болуға тиіс­ті аудандық білім беру, денсаулық сақ­тау ме­кемелерін облыс, республикалық дең­гей­­лерге бағынышты ету іс-шаралары жүргі­зіліп жатқанға ұқ­сайды. Сонда ауыл ша­руа­шылығы аудан­дарында негізгі саналатын ауыл шаруа­шылығы өндірісі жекеменшік құры­лым­дарының еншісінде болса, ауыл ком­му­налдық саласы бәлендей іс-шара­ларды қажет етпейді десек, келешекте аудан, ауыл әкімдері халық алдында қан­дай қыз­меті­мен ерекшелене алады? Сон­дықтан да сайлау алдында облыс, аудан, ауыл әкім­діктері өкілеттіктерінің аражігін ажыратып, нақтылау да кезек күт­тірмейтін мәселе. Со­нымен қатар бұл іс-шарада көп­тен жолы болмай жүрген «Жергілікті өзін өзі басқару», «Жеке қосалқы, отбасы ша­руа­­шылықтары туралы» заңдардың да уақ­тылы қабылдануы маңызды.

Дегенмен де, сең орнынан қозғалды, яғни бұл маңызды іс-шараға қоғам болып қолдау көрсетейік.

 

Кәкімжан САРХАНОВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының корреспондент-мүшесі