Бұл күндері мегаполис індеттің екінші толқынын болдырмау үшін барлық амалдарды қарастырып отыр. Бұған дейін де Алматы ақпараттық технологиялар көмегімен коронавирус жұқтырғандарды жылдам анықтайтын бағдарлама жасауға ұмтылғанын жариялаған едік.
Ендігі жерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы, цифрландыру басқармасы мен iMedHub компаниясы бірігіп, қанатқақты жобада интеллект алгоритмі негізінде коронавирус инфекциясымен өкпенің зақымдануын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін жүйені іске қосты. Компьютерлік томография кезінде бұлтты қоймаға жіберуге мүмкіндік беретін PACS жүйесі орналастырылды, ол жерде өңдеу, аналитика жүргізіледі және сипаттама қосылады.
Қазіргі уақытта «iMedHub медицинасы және нейрондық желі» жобасы №1 қалалық емханада және №7 қалалық клиникалық ауруханада ақпараттық жүйелермен біріктірілген, сондай-ақ жақын арада 56 емхананы қосу жоспарланып жатқан жайы бар. Сонымен қатар №29 қалалық емханада және №18 қалалық емханада интеграциялау бойынша қанатқақты жұмыстар жүргізілуде.
«iMedHub медицинасы және нейрондық желі» жобасы орталық стансадан қашықтан жедел әрекет ету мүмкіндігі бар ахуалдық орталықтан тұрады. Бұл сізге зерттеуге өтінімдерді автоматты түрде жіберуге, қабылдауға, тіркеуге, диагноз қоюға және дәрі-дәрмек терапиясын тағайындау кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аталған жүйеде дәрігер мен науқас арнайы қосымша арқылы сөйлесе алады. Жасанды интеллект механизмін қолдана отырып, шешімдерді қолдау жүйесі диагноз қойылғанға дейін адам үшін қауіп дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Оның қазіргі жағдайын бағалау және асқынуларды алдын ала болжауға жол ашады. Бұдан басқа, жоба госпитальдық блоктағы әр науқастың жағдайын ақылды мониторингтеуге арналған орталықтандырылған Цифрлы жүйені құруы керек, болжамды ауырлық дәрежесіне байланысты емханадағы науқастардың мақсатты бөлінуін анықтауы тиіс. Әрбір науқастың ем-домын жүргізудің нақты статистикасы мен талдауы үшін бірыңғай медициналық платформа құрылады.
Бизнес-процестерді оңтайландыру, сәулелік диагностика бөлімшесінің өнімділігін арттыру (орта есеппен 70%) және қаржылық ресурстарды үнемдеу үшін Орталықтандырылған медициналық мұрағат (PACS) жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Әрбір медициналық ұйым 2 жыл сақтау мерзімімен жергілікті PACS жүйесімен (MINI-PACS SERVER) жабдықталады. Қалалық ұйымдардың ақпараттық жүйелері жергілікті PACS жүйесімен (MINI-PACS SERVER) біріктірілмек. Бұл деректер 5 жыл сақтау мерзімімен орталықтандырылған медициналық мұрағатқа (CloudPACS Server) жіберуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық деректерді (суреттерді) веб-шолушы құралы ұсынады. Қажет болған жағдайда, кез келген өндіруші радиологының толыққанды стансасын қосуға болады.
Осы арада елімізде әзірленген Орталықтандырылған медициналық мұрағат (PACS) шетелдік шешімдерге қарағанда 2,5 есе арзан екенін айта кету керек. Орталықтандырылған медициналық мұрағат жүйесінің (PACS) көмегімен диагностикалық қондырғылардан дәрігерге және бірінші дәрігерден екінші дәрігерге бейнелерді жіберу, деректерді сақтау, кескіндерді электронды мұрағатта беру нұсқалары қолжетімді болмақ. Барлық медициналық ұйымдар деректерге қашықтан қол жеткізе алады.
Бұл жоба жеке IT-бизнес пен медициналық ұйымдардағы әкімшілік бөлімінің өзара іс-қимыл нәтижесіндегі жақсы кейстерінің бірі.
АЛМАТЫ