• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2020

Билл Гейтстің әкесі қайтыс болды

255 рет
көрсетілді

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің әкесі Уильям Гейтс 94 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Кеше әкем туған-туыстарының ортасында жан тәсілім етті. Оған деген сағынышымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қайғы жұтып отырмыз, бірақ ол кісіге деген алғысымыз да шексіз. Осы уақыт аралығында әкем секілді тамаша жан қасымызда болды, оның ақыл-кеңесін естіп өстік. Сондықтан да өзімізді жолы болғандардың қатарына қосамыз", деп жазды миллиардер өзінің блогында.

Ол 50 жасқа толған күні әкесінен хат алғанын айтты және бұл ерекше сыйлықты өміріндегі ең құндыларының бірі деп атады. 

New York Times басылымының мәліметінше, У.Гейтстің қазасына альцгеймер ауруы себеп болған.