• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2020

Iphone ұрлап, фотосессия жасаған маймыл желіні шулатты

1378 рет
көрсетілді

Iphone-нынан көз жазып қалған Малайзия тұрғыны ұрының кім екенін білгенімен, оған жаза қолдана алмай қиналып отыр. Өйткені, қалтафонды қолды қылған жергілікті маймыл болып шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz

Малайзияның Бату қаласында тұратын 20 жастағы студент Закридз Родзи (Zackrydz Rodzi) Пахат ерекше жағдайға тап болды. Оның үйінен смартфоны ұрланған. Соншалықты ұқыпты әрекет еткен баукеспе артынан ешқандай із қалдырмапты. 

"Мен оянып, смартфонның орнында жоқ екенін байқадым. Бір қызығы, оның мұқабасын шешіп, қалдырып кетіпті. Үйдің есігі жабық, кілт те, құлып та орнында.  Ең таңқаларлығы, телефон қосулы болды, бірақ менің қоңырауларыма ешкім жауап бермеді", дейді жәбірленуші өзінің Facebook парақшасында.

Содан кейін болашақ программист смартфонның орналасқан жерін геолокация арқылы тануға тырысқан. Бірақ бұл нәтиже бермепті. Түйсігіне сүйенген, жігіт әкесімен бірге үйдің жанындағы джунглиге аттанады. Өз нөміріне қоңырау шалып, ол пальма ағашының астындағы таныс әуенді есітеді. Осылайша, жоғалған құрылғысын тауыпты.

iPhone дымқыл әрі лас болды. Бірақ еш жеріне сызат түспеген және сынбаған.  Қосымшаларды тексере отырып, смартфонның иесі таң қалады. Телефон галереясы маймыл жасаған фотосуреттер мен бейнелер толы болыпты. Бір қызығы, барлық фото және видео түсірілімдерді маймыл селфи арқылы жасаған.