• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қыркүйек, 2020

Қазақстан жолдарында бағдарламалық жұмыстар жүзеге асуда

187 рет
көрсетілді

Еліміздің автомобиль жолдары саласында жыл сайынғы Мақсаты-кешенді бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар бүгінге дейін 2020 жылға арналған жоспар аясындағы жұмыстардың 90% астамын орындады. Жұмыстар республикалық маңызы бар жолдарда тиісті белгілерді орнатуға, жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылатуға бағытталған. 

Атап айтқанда, "Қазақавтожол" компаниясы жолдардың 500 мыңнан астам шаршы метрінде шұңқырларды жамаса, жолдардың 105 мыңнан астам шаршы метрін тегістеді. Мұнымен қоса, ел жолдарында 116 мыңнан астам жол белгісі, 440 панно, 280 жарықдиодты жол белгісі, көпірлерде қоршаулардың 1900-ден астам қума метрі орнатылып, ауыстырылды.

Бұдан бөлек, 176 автопавильон мен демалыс алаңдары жөнделіп, жолдың 3400-ден астам шаршы метрінде шуыл жолсызығы жайластырылды. Мамандар 3000-нан астам шақырым жолда сілтеуіштерді, 29 мың сигналдық бағаншаны орнатты. Сонымен қатар жолшылар ел жолдарында қоршаулардың 46 мыңнан астам қума метрін орнатты, жолдың қозғалыс бөлігінің 25 мыңнан астам шақырымын таңбалады.

Жолдардың кедір-бұдырлығын жою, автопавильондар мен демалыс алаңдарын жөндеу сияқты жұмыстардың жоспары еліміздің барлық өңірлерінде орындалған.