2011 жылы Осло мен Утея аралында 77 адамның өмірін қиған террористік шабуыл үшін сотталған норвегиялық оңшыл Андерс Брейвик шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz
"Андерс Беринг Брейвик шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрайды. Мен оның (Брейвик) атынан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бердім",дейді қылмыскердің адвокаты Ойстен Стуррвик.
Адвокат түсіндіргендей, Брейвик сотталған 21 жылдан сегіз жылдан астам уақытын түрмеде өткізген. Ол қазір теориялық тұрғыдан осындай өтініш беруге құқылы. Адвокат сонымен бірге өтінішке екі атпен қол қойылғанын айтты - Андерс Беринг Брейвик және оның түрмедегі есімі - Фритьоф Хансен-Брейвик. Адвокат атап өткендей, Брейвик әлі жалғыз адамдық камерада тұрады. Заңгер бұл жағдайды тұтқынның құқығын бұзу деп санайтынын да жасырмады.
Айта кетейік, 2011 жылдың 22 шілдесінде Брейвик Ослода сегіз адамды және Утея аралындағы норвегиялық жұмысшылар партиясының жазғы жастар лагерінде 69 адамды өлтірді. Сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырған. Ұсталғаннан кейін Брейвик шабуыл жасағанын бірден мойындады, бірақ ол әлі де өзін кінәлі деп санамайды. Ол норвегиялық мәдениеттің құлдырауын тоқтату үшін өзін-өзі қорғау аясында террористік шабуылдар жасағанын бірнеше рет айтқан болатын.