• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Қыркүйек, 2020

Квебектіктерге келген кесел

127 рет
көрсетілді

Канадада ауру жұқтырғандар саны соңғы 24 сағатта 944 адамға көбейгені туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

REGNUM агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Канада провинциялары арасында Квебек тұрғындары көбірек зардап шегуде. 65 857 квебектік КВИ кеселінің не екенін айқын түсініп, аурумен күрессе, (45 383) онтариолық,  альберталық (16 128) тұрғын да COVID-19-дың ілмегіне ілініпті.

Жалпы ел көлемінде 139 мың адам ауырып, 9193 канадалық көз жұмған көрінеді.

Айта кетейік, SARS-CoV-2 Оңтүстік Коряның Kia Motors зауыты екі конвейерінің жұмысын уақытша тоқтатты.