Қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі еуропалық біліктілік санатымен сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін Болон процесінің хатшылығы қабылдады.
2021 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне еуропалық стандарттарға сәйкес жаңартылған қосымшалары бар диплом (Diploma Supplement) беріледі. Яғни еліміздегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады. Бұл шетелдік азаматтар тарапынан қазақстандық жоғары білімге деген қызығушылықты арттырады.