• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2020

Ақтөбелік азамат бауырсақтың арасына телефон салып, түрмеге кіргізбек болған

214 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері сотталғандармен кездесуге келген азаматты тінтіп, оның сәлемдемесін қарау кезінде бауырсақтан фольгаға оралған Nokia телефон тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Кездесуге келген 24 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны есірткі таратқаны үшін қамауға алынған ағасына тыйым салынған затты беруге тырысқан.

"Келуші өз түсіндірмесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 481-бабы "қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдарды беру" бойынша хаттама толтырылып, материалдар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар, ол бір жыл ішінде мекемеге келу мүмкіндігінен айырылады", -деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.