• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2020

Ақтау әкімдігі карантинде той жасаған шенеунікке шара қолданбаған

405 рет
көрсетілді

Ақтауда үйлену тойын тойлаған шенеунік әлі жазаланған жоқ, себебі ол қазір демалыста. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Хабарланғандай, Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының шенеунігі Жанболат Жақыпов 25 тамыздан бастап жыл сайынғы демалыста. "Заңға сәйкес, Жақыповқа қатысты мәселелер демалыс аяқталғаннан кейін қаралатын болады", lеп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Алайда санитарлық дәрігерлер Жанболат Жақыповты карантин кезіндегі үйлену тойы үшін жазалады. Оған 83 мың теңге айыппұл салынған.

Естеріңізге сала кетейік, үйлену тойының видеосы бұған дейін желіде жарияланған болатын. Kozachkov offside Telegram-арнасының ақпараты бойынша, кадрларда шенеунік Жанболат Жақыповты оңай тануға болады.