• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2020

Алматыда екі көліктің соқтығысуынан жаяу жүргінші зардап шекті

154 рет
көрсетілді

Алматыда екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші көліктің астында қалды. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Апат Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында орын алған. Оқиға видеосы Instagram желісінде пайда болды. 

Видеода анық байқалғандай екі көлік біріне бірі жол бермей, нәтижесінде соқтығысып қалған. Ал апат нәтижесінде 47 жастағы жаяу жүргінші зардап шегіпті. Дәрігерлердің айтуынша, 40 жастағы жәбірленуші №7 Қалалық ауруханаға таңғы 8:37-де жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. 

"Науқасқа жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы диагнозы қойылған. Денесінің көптеген жерлерінде жарақат бар, абразиялар, беттің тері астындағы гематомаларын да байқауға болады. Мұрын сүйектері де сынған. Омыртқаның LD2 көлденең процесі сынып, екінші дәрежелі травматикалық шок алған", деді Алматыдағы №7 қалалық аурухананың реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Есенай Еспенбетов.