АҚШ-тың екі компаниясы жасанды интеллектті қолдана отырып, Сovid-19-ға алғашқы жедел тест жасайтындығын жариялады, оны үйде 15 минут ішінде жасауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Денеде коронавирус бар-жоғын білу үшін мұрын тампонын мақта тампонымен алып, оны буферлік ерітіндімен бөтелкеге салу жеткілікті. Содан кейін ерітіндіні сынақ кассетасына тамызу керек, ол организмде вирустың бара-жоғын көрсетеді. Жедел тесттің фотосуретін арнайы қосымшаға жіберу керек, онда жасанды интеллект 15 минут ішінде адамның ауруын анықтайды.
"Үйде өткізілетін жылдам, сенімді, арзан және қолдануға оңай антигендік тест вирустың, әсіресе асимптоматикалық науқастардың таралуын едәуір азайтады", делінген Gauss қосымшасында. Тестті жасаушылар бұл вирустың үйден шықпай-ақ тез тексерілуінің жалғыз әдісі екенін растап отыр.
Тест АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) рұқсатын алғаннан кейін сатылымға шығуы мүмкін. Ал құны туралы әлі хабарланған жоқ.