• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2020

Жамбыл облысында жедел жәрдем шақырту азайған

597 рет
көрсетілді

Бүгінде Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасында тәулігіне облыс бойынша 93 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде Тараз қаласы бойынша 43 бригада шақыртуларға шығады. Жедел жәрдем бригадалары медициналық қызметкерлермен толық қамтамасыз етілген. Коронавирустың бірінші толқыны кезінде тәулігіне 2000-нан аса шақыртулар болған. Бірақ, шақыртуларға кешігулерді азайту мақсатында қосымша арнайы 5 мобильді бригада медициналық қызмет көрсеткен. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір аймақта жедел жәрдем шақыртуларының тәуліктік саны 1200-1300-ге дейін азайған.

Екінші толқынға дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгінде барлық жедел жәрдем бригадалары дәрі-дәрмектермен, қажетті құрал-жабдықтармен және жеке қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, аталған басқармадан қосымша тағы екі айлық қорға бір реттік қолдануға арналған 60 мың дана обаға қарсы костюмдер, 1000 дана  қорғаныш көзілдіріктер, 100 мың дана медициналық қолғаптар және 100 мың дана бетперделерге тапсырыстар берілген. Облыстық жедел жәрдем стансасында бүгінде 135 санитарлық автокөлік тіркелген болса, оның ішінде есептен шығаруға 65 көліктің құжаттары берілген. Енді қосымша лизинг бойынша жыл соңына дейін тағы 52 санитарлық автокөліктер берілетін болады.

 

Жамбыл облысы