• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2020

Алматы облысында 3 жыл бұрын түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды

374 рет
көрсетілді

Полицейлер үш жыл бұрын қашып кеткен күдіктінің қорлға түсірді. Осы уақыиқа дейін ол мемлекетаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Хабарланғандай, қылмыскер Жамбыл облысында жазасын өтеген, бірақ оны Алматы облысында ұстапты.

"Іздестіру" жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Қылмыстық Кодекстің 427-бабы "жазасын өтеуден жалтару" бойынша іздестіріліп жатқан адамды ұстады. Сотталған азамат  2017 жылдың қыркүйегінде Тараздағы колониядан қашқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, іздестіріліп жатқан адам - Алматы облысының тұрғыны", делінген хабарламада.

Ұсталған азамат қамауға алынып, кейін Таразға жіберіледі.