Ақтөбеде жүк көлігі 5 жастағы баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
Кеше, 17 қыркүйекте КамАЗ-65115 жүк көлігінің 40 жастағы жүргізушісі М.Жұмабаев көшесімен Мехколонна көшесі бағытында келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өткен кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақатынан, оқиға орнында көз жұмды. Аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.