• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қыркүйек, 2020

Қай санаттағы мемлекеттік қызметшілер жұмыстан қысқартылмайтыны белгілі болды

268 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова жұмыстан қысқарып қалмайтын мемлекеттік қызметшілердің санатын атады, деп хабарлайды Egemen.kz

 

"Әлеуметтік тұрғыда әлсіз және қысқаруға жататын мемлекеттік қызметшілердің қорғалуын қамтамасыз ету керек. Қазіргі уақытта Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан аяғы ауыр әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, жалғызбасты аналар, бала тәрбиелеп отырған басқа да адамдар, сонымен бірге зейнет жасына 2 жыл уақыт қалған адамдар қысқартылмайды", деді Анар Жайылғанова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің жоғарыда аталған құқықтарының қорғалуына бақылау жүргізіледі.

"Сондай-аз мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес мемлекеттік қызметте үш жылдық өтілі бар адамдарға жұмыстан шығарда орташа айлықтың төрт еселенген мөлшері беріледі. Бұл норма тәжірибелі қызметкерлерді жүйеде қалдыруға ынталандыруға бағытталған", деді спикер.

Анар Жайылғанова мемлекеттік органдардың басшыларына жұмыстан қысқарту кезінде әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарды алып қалуға кеңес берілетінін жеткізді.