• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2020

Шымкенттегі ауруханаларға 33 оттегі концентраторы тарту етілді

122 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкентте "Өмірге үміт сыйла!" қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның "Зекет" қорының бастамасы аясында қолға алынған акция қаншама науқас жандардың дертіне шипа болып, көмегін тигізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
    Жалпы, ұйымдастырылған қайырымдылық шарада 33 дана оттегі концентраторы шет елден арнайы тапсырыспен алынып, Шымкент қаласы, Асар мөлек ауданында Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты жаңадан салынған қалалық инфекциялық ауруханасына 9 дана, №14 ауруханаға 5 дана, қалалық инфекциялық ауруханаға 9 дана, №2 қалалық "Оңалту орталығына" МКК-не 3 дана, №1 қалалық клиникалық ауруханасына 4 данасы үлестірілді. Және қала бас имамының шешімімен "Шымкент" медресе колледжінің медециналық бөліміне 3 данасы берілді.   Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы игі шараның басы-қасында жүріп, қол ұшып беріп, үлес қосқан қайырымды жандарға арнайы алғысын білдірді. Жалпы, бұл бағыттағы қайырымды һәм сауапты жұмыстар жалғасады.