Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің хаттары негізінде және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
1) №37/38 "Маңғыстау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" пойызы Маңғыстаудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;
2) №41/42 "Атырау – Алматы-1" пойызы Атыраудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Алматыдан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;
3) №47/48 "Атырау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" пойызы Атыраудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 27 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;
4) №77/78 "Алматы-2 – Маңғыстау" пойызы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Алматыдан және Маңғыстаудан жөнелтіледі;
5) №309/310 "Маңғыстау – Ақтөбе" пойызы Маңғыстаудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Ақтөбеден 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;
6) №313/314 "Атырау – Маңғыстау" пойызы Атыраудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Маңғыстаудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;
7) №691/692 "Ақтөбе – Атырау" пойызы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Ақтөбеден, 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Атыраудан жөнелтіледі.Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты "105" нөмірі арқылы алуға болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін, жолаушылардан санитарлық-карантиндік талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр), вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауларын сұрайды. Сондай-ақ, сапарға шығар күні билеттер болмаған жағдайда, «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске саламыз.