• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қыркүйек, 2020

Қазақстан мен Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

332 рет
көрсетілді

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің Денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейнмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында денсаулық сақтау және медицина салаларындағы қазақстандық-израильдік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен басым бағыттары талқыланды.

Сұхбаттасушылар коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан мен Израильде қабылданып жатқан шаралар туралы бір-бірін хабардар етіп, сондай-ақ Израильдегі күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды атап өтті.

Тараптар екі елдің денсаулық сақтау министрліктері арасындағы ынтымақтастық саласында практикалық қадамдар жасауға дайын екендіктерін білдірді. Қазіргі уақытта келісіліп жатқан 2019-2024 жылдарға арналған денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастық жоспарының жобасы бойынша екі ведомство арасындағы байланысты жандандыру қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды.

Елші Министрді Президент Қ.Тоқаевтың мемлекеттің одан әрі дағдарысқа қарсы дамуы мен қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етудің, оның ішінде отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындауға арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.

Дипломат Израиль тарапына Қазақстанға «Машав» агенттігі және жекелеген комапниялар арқылы жіберілген гуманитарлық көмек үшін, сондай-ақ ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларында өткен бірқатар бейнеконференциялар аясында Израильдің жетекші медициналық орталықтарының қазақстандық дәрігерлерге консултация бергені үшін алғыс білдірді.

Келіссөздер нәтижесінде денсаулық сақтау және медицина мамандары арасында коронавируспен күресудің озық тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін бақылау мақсатында онлайн конференциялар тәжірибесін жалғастыру туралы келісілді.

Сонымен қатар, тараптар пандемияға қатысты жағдай тұрақтанған соң, Израильде қазақстандық мамандарға арналған оқу бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мәселесін қарастыруға келісті.

Кездесу нәтижесі бойынша Ю.Эдельштейн өзінің қазақстандық әріптесіне ізгі тілектерін жеткізуді сұрай отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды Израильге келуге шақырды.