Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 20 қыркүйекте тіркелген
коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 272 жағдайы тіркелді, 5 адам қайтыс болды, 100 науқас емделіп шықты", делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 31086-ға жетті, 343 адам көз жұмды, 26669 науқас емделіп шықты.