• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қыркүйек, 2020

Жапонияда жаңа премьер-министр сайланды

90 рет
көрсетілді

Жапонияның өкілдер палатасы ішкі сай­лау өткізіп, Есихидэ Суганы ресми түрде жаңа премьер-министр лауазымын атқа­руға лайық деп шешті. Сондай-ақ ол Либе­ралды-демократиялық партияның да тізгінін ұстады.

28 тамызда Синдзо Абэ денсаулығының нашарлауына бай­ла­нысты премьер-министр қызметінен кететінін мәлімдеген еді. Осы­лайша елде үкімет бас­шысын сайлау өтті.

Жаңадан қызметке кіріскен Е.Суга елдің экономикасын қалпына келтіру және коро­навирус инфекциясымен күресуге ерекше назар аударатынын жеткізді. Сондай-ақ ол несие-қаржы саясатын ырықтандырып, қаржылық ынталандыру шараларын орындамақ. Яғни жаңа басшы Синдзо Абенің ұстанған саясатын жалғастыратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ жаңа премьер-министр ел экономикасын күшейтіп, жаһандық дағдарысқа жол бермеу үшін қабылданатын бірқатар шараны атап өтті. Мәселен, коронавирус инфекциясымен күреске, зар­дап шеккен кәсіпкерлерге субсидия бөлу мен ішкі туризмді дамытуға 2,2 трлн доллар бөлінбек. Бұдан бөлек ұлттық қауіпсіздікке қатысты саясат қайта қарастырылмақ.

Е.Суганың сөзіне сүйенсек, ол бұрынғы үкі­­мет мүшелерін ауыстыруға асықпайды. Әзір­­ге ол министрлер кабинетіне сенетінін ай­тып отыр.