• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қыркүйек, 2020

Ұлыбританияда карантин режімін бұзғандар 10 мың фунт айыппұл төлейді

365 рет
көрсетілді

Алдымен ережеге бағынбағандарға ескерту жасалып, бір мың фунт айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Ал заңды екінші рет бұзғандарға айыппұл еселене түседі. Ұлыбритания дәрігерлерінің айтуынша, қазір аймақ халқының тек 20 пайызы ғана оқшауланған. Қалғандары бұл талапқа бағынбайтын сыңайлы. Енді алдағы уақытта елдің толық карантинге жабылмауы үшін жергілікті билік ірі көлемде айыппұл салу мәселесін қарастыруда. Алайда бұл жаңалық жергілікті халықтың наразылығын тудырып, Лондон тұрғындары ереуіл ұйымдастырды. Жиналғандардың айтуынша, шектеу шаралары азаматтардың құқығын бұзып отыр. Наразылық акция тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, салдарынан 30-дан астам адам қамауға алынды.