• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2020

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

154 рет
көрсетілді

Қазгидромет Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады , кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

21 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысында да оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында да 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с сақталады.

21 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Күндіз 21, түнде 22 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз 21, 22 қыркүйекте кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар