Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов Tengri Bank-тің лицензиясынан айырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Экономикалық тергеу өндірісінде Tengri Bank басшыларына қатысты істер жоқ. Бұл істі басқа органдар тергеп жатыр. Сондықтан мен мұнда ештеңе түсіндіре алмаймын. Бұл сала басқа органдардың құзыретінде. Онда іс арнайы прокурорлардың, Бас прокуратураның өндірісінде болды. Қазір істің қайда екені белгісіз", деді Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.