Коронавирус пандемиясы мен климат өзгеруі–әлем алдында тұрған екі маңызды проблема деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш PBS телекомпаниясына 20 қыркүйекте берген сұхбатында.
Әлемді жүрісінен жаңылдырған жаңа вируспен күресте вакцина шығаруда көптеген мемлекеттердің даярлықтары барын, алайда олар онымен өз елінің халқын ғана қамтығысы келеді, деген Бас хатшы вакцина әлем жұртшылығына қолжетімді болуы тиіс деген. Екінші проблема, атмосфераға көмірқышқыл газының көптеп бөлінуіне алаңдаушылығын білдірген Антониу Гутерреш 2050 жылға дейін ауа ластануын азайтудың адамзат алдындағы аса маңызды міндетінің бірі екенін айтқан. Сондай-ақ әлемдегі екі алпауыт мемлекет – АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық текетірестің де жағымсыз әсеріне тоқталды.